Меню Рубрики

Айырша безден бөлінетін гормон

Эндокринді бездер

Ішкі секреция (сөлініс) бездері немесе эндокринді бездер

Адам ағзасында көптеген процесстер тек жүйке жүйесінің қызметімен шектеліп қана қоймай,эндокринді жүйемен де қамтамасыз етіліп отырады. Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу гуморалды жолмен жүріп отырады.

Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Оладың қызметтерінің өнімі гормондар болып табылады.

Эндокриндік бездердің (гректің endon-ішкі, crineo-бөлемін) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа тамырларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.

Экзокринді бездердің өзегі бар,әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкі сөлініс (секреция) бездері:

  1. Гипофиз
  2. Эпифиз
  3. Қалқанша безі
  4. Қалқанша маңы бездері
  5. Айырша без
  6. Бүйрекүсті безі
  7. Ұйқы безі
  8. Жыныс бездері

Соңғы екеуі аралас бездерге жатады.

Сондай-ақ, ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Жүкті әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады. Плацентаның гормондары хорионда жасалады. Адам плацентасы қанға екі топ гормондарды бөліп шығарады: белоктық және стероидты. Белоктық түріне хорионды гонадотропин, плацентарлық лактогенді гормон және релаксин жатады. Лактогенді гормон сүт бездерінің өсуін реттейді, оларды сүт шығаруға дайындайды. Релаксин жүктілік кезінде жатыр етінің және жамбас сүйегінің біріккен жеріндегі буын байланысының біртіндеп босаңсынуына әсер етеді, жатырдың мойын еттерін босаңсытып, тууды жеңілдетуге себепші болады. Стероидтық түріне: прогестерон және эстроген жатады. Олар жүктілік кезінде зат алмасудың барлық түріне қатысады.

Гипофиз

Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, самағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Аденогипофиз, меланогипофиз, нейрогипофиз деп аталады. Гипофизде соматотроптық, тиреотроптық, адренокортикотроптық, гонадотроптық, фоллитропин, лютеиндейтін, пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.

Гипофиз гормондарының физиологиялық әсері: Соматотропин денеде биосинтезді күшейтеді, органикалық, минералдық алмасуға әсер етеді; амин қышқылдардың қаннан жасушаларға өтуін, сіңуін тездетеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теңдігін өзгертіп, тұздардың сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. СТГ аз түзілетін болса, адамның бойы өспей қалады. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді.

СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250см-ге, ал самағы 150кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алыптық дейді. Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлінісі акромегалия дертіне әкеп соғады.

Эпифиз

Эпифиз толық зерттелмеген безге жатады. Ол төрт төмпешіктің жоғары аралығындағы тереңдікте орналақан. Салмағы 100-180 мг. Көне ғасырларда эпифизді ақыл-ойды бақылайтын қақпақ, интеллектінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші, адамның”жаны” орналасқан сауыт деп есептеген. Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді заттар-мелатонин, серотонин, адреналин, гистамин бөлетіні анықталды.

Эпифиз гормондарының физиологиялық әсері: Эпифиз организмде биологиялық “сағат” ролін атқарады, яғни биологиялық үрдістердің белсенділігі күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп отырады. Ол эпифиздегі мелатонин мен серотонин мөлшерінің күн жарығына өзгеруіне байланысты. Эпифиз-’’биологиялық термометр”,яғни жылу реттелуге қатысады деген мәлімет бар.

Қалқанша без

Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан ірі без. Ересектерде салмағы 20-30гр. Балаларда(2 жасқа дейінгі) 1,5-2гр. Қартайғанда салмағы азаяды. Қалқанша без тіні 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олар құрамында йод бар гормондарын түзеді. Бұлар: трийодтиронин, тироксин, тирокальцитонин, катокальцин.

Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы реттеледі. Фолликулада йод бар тиреоидты гормондардың түзілуі ағзаға бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су арқылы алады. Оның орташа тәуліктік мөлшері 100-200 мг болады.

Қалқанша безі гормондарының физиологиялық әсері: Тиреоидты гормондар түрлі минералды алмасу үрдістеріне, өсу және дамуға ықпал етеді. Эмбриондық даму кезінде осы гормондар жетіспесе, ақыл-ойдың мешеулігінің ауыр түрі (кретинизм) байқалады. Қалқанша безінің сөл бөлу қызметінің гипо-немесе гиперсөлініс жағдайларында түрлі бұзылулар салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар туады. Мысалы, гипертиреоз кезінде Базед ауруы, гипотиреоз кезінде кретинизм және микседема, эндемиялық зоб ауруы. Мәселен, біздің Шығыс Қазақстан халқының барлығында дерлік эндемиялық зоб кездеседі.

Қалқанша маңы без

Қалқанша маңы безі қалқанша безінің арт жағында жұптап орналасқан. Саны 2-6, салмағы 20-50мг. Оның гормоны: паратгормон. Қалқанша маңы безінің секреция қызметінің төмендеуін гипопаратиреоз, жоғарлауын гиперпаратиреоз дейді. Туа пайда болған қалқанша маңы безінің тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп, сүйек, тіс өсуі баяулап, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш келеді. Гиперпаратиреоз кезінде қандағы кальцийдің мөлшері көбейіп, бейорганикалық фосфат мөлшері азаяды.

Айырша без (тимус)

Айырша без-көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде орналасқан. Тимус денеде кальций алмасуын реттеуге қатысады. Сондай-ақ, ол денеде стероидтар, нуклейн қышқылдары, С витамині алмасуын реттеуге, иммундық, қорғаныс, бейімделу әсерленістеріне қатысады. Айырша безде Т-лимфоциттер пісіп жетіледі. Айырша без гормоны-тимозин: Лейкоциттердің фагоциттік қызметін жақсартады; гормон бөлініп шығуын үдетеді; иммундық қабілеті бар лимфоциттер түзілуіне септігін тигізеді.

Бүйрек үсті безі

Саны екеу, салмақтары 6-12 гр. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Оның қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді:

  1. Глюкокортикостероидтар
  2. Минералокортикостероидтар
  3. Андрокортикостероидтар

Глюкокортикостероидтар физиологиялық әсері: зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді; қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше.

Минералокортикостероидтар физиологиялық әсері: су-тұз алмасуына қатысады. Ол альдостерон мен ІІ-дезоксикортикостеронмен жүзеге асады. Олардың түрлі сұйықтықтардың осмостық қысымының әсерінен туатын тамырлардағы қан көлемі мен жасуша ішіндегі және жасушааралық сұйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері бар.

Андрокортикостероидтар физиологиялық әсері: Андростерон, эстрол, прогестерон жыныс гормондарына қарағанда әлсіздеу, бірақ адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады.

Бүйрек үсті безінің милы қабатында негізгі 2 гормон-адреналин мен норадреналин түзіледі. Катехоламиндер организмдегі барлық тіндер мен жасушаларға әсер етіп, оларда биохимиялық үрдістерді тудырады және көптеген физиологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін айқындайды. Әсіресе, экстремалды жағдайларда катехоламиндер:

  • Бұлшықеттердің жұмысын күшейтеді
  • Рецепторлардың сезімталдығын(көру,есту),вестибулярлық аппараттардың жүйесін күшейтеді.

Ұйқы безі

Аралас безге жатады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру жатады, ішкі сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Онда инсулин мен глюкагон түзіледі. Инсулиннің физиологиялық әсері: бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады; қант деңгейін реттеу; көмірсулардың майға айналуына әсер етеді; гликонеогенезді тежейді. Инсулин гормоны жетіспегенде қант диабеті ауруы туындайды.

Глюкагон қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, бауырда гликогеннің ыдырауын күшейтеді. Оның гипергликемиялық адреналинге ұқсас, ал инсулинге қарама-қарсы. Бұл гормонның физиологиялық маңызы әлі онша анықталған жоқ, бірақ қанда түрлі әсерге байланысты инсулин көбейгенде глюкогонның да мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді.

Жыныс бездері

Аралас бездерге жатады. Олардың сыртқы сөліністік қызметі-жыныс жасушаларын жасау және шығару. Еркек организмде сперматозоидтар, ал әйел организмінде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі-көбею немесе репродуктивтік қыметі. Сонымен қатар, эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады. Еркек жыныс гормонын-тестостерон, аналық жыныс гормонын-эстроген дейді.

Осы кезде белгілі ішкі сөлініс бездеріне жатпайтын тіндердің тіндік не арагормон деп аталатын көптеген гормон және гормон тәрізді заттарды бөлетіні айқын. Бұлардың ішінде гастроинтестиналды гормондар жақсы зерттелген. Бұл гормондардың көпвалентті әрі арнаулы әсері бар екендігі дәлелденген. Ішінде практикалық жағынан ең көп қызықтыратындары: паротин және 12-елі ішек жасап шығаратын гормондар.

Паротиннің қандағы кальцийдің деңгейін төмендетіп, сүйек пен тістердің өсуіне және олардағы Са2+ мөлшерінің азаюына көмектесетіні дәлелденген. Эндокринді жүйенің бұзылуынан пардонтоз ауруы туады, сонымен қатар, тірек-қимыл аппаратының кейбір зақымданулары да туады.

Секретиннің әсері кең түрде зерттелген. Ұйқы безінің сөл бөлінуіне әсерінен басқа, бұл гормонның асқазан бездерінің гастрин арқылы тұз қышқылын жасап шығаруын тежеп, қарында қорытылған тамақтың ілгері қарай жылжуына бөгет келтіретіні дәлелденген. Оның көп дозасы инсулин бөлінуін күшейтеді. 12елі ішектен сонымен қатар, энергия алмасуын күшейтетін диэнтерин, тәбетті реттейтін арэнтерин дейтін гормондық заттар бөлінеді.

источник

Биология 8класс тест

Устанавливая рекомендуемое программное обеспечение вы соглашаетесь
с лицензионным соглашением Яндекс.Браузера и настольного ПО Яндекса .

1 .Денеде өтетін тіршілік құбылыстарын және мүшелердің қызметін зерттейтін ғылым:

2. Қай органоидта ақуыз түзіледі:

С) рибосома Д) эндоплазмалық тор

3 . Жасушадағы бейорганикалық қосылысты ата:

4 .Жүйке жасушасын не деп атайды:

А) дендрит Б) аксон С) нейрон

5. Қарапайым заттардан күрделі заттың түзілуі:

А) зат алмасу Б)биологиялық түзілу

6. Ең ұзақ өмір сүретін жасуша:

А) тері жасушалары Б) қан жасушасы

С) жүйке жасушасы Д) жұмыртқа жасушасы

7. Қай ұлпалар мүшелерге әр түрлі заттарды, оттегін жеткізеді:

А) жүйке Б) шеміршек С) қан Д) май

8. Тырнақ, шаш қай ұлпаға жатады:

9 .Тұқымқуалаушылықты не тасиды:

10. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық:

11 . Аралас бездерге жататын:

С) ұйқы безі Д) бүйрекүсті безі

12 . Қалқанша безден бөлінетін гормон:

13. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлінетін гормон:

С) өсу гормоны Д) вазопрессин

14 . Қалқаншамаңы бездерінен бөлінетін гормон:

С) паратгормон Д) өсу гормоны

15. Кеңірдектегі жоғары ұшын жауып тұратын без:

С) ұйқы безі Д) қалқанша безі

Читайте также:  Действие гормонов на девушку

16 . Кейде «көңіл күй» гормоны деп аталатын гормон:

А) гипофиз Б) бүйрекүсті безі

С) ұйқы безі Д) қалқанша безі

18 . Жыныс бездерінен бөлінетін гормон:

19. Қалқанша безден бөлінетін гормон жетіспегенде болатын ауру:

А) Кретинизм Б) Базедов ауруы

С) Бадырақкөз ауруы Д) ергежейлілік

20. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталықтың орналасқан орны:

С) сопақша мида Д) гипоталамуста

1 .Қай оргоноидта ақуыз түзіледі:

С) рибосома Д) эндоплазмалық тор

2 . Қай органикалық зат катализатор қызметін атқарады:

А) ферменттер Б) майлар С) көмірсулар

Д) нуклеин қышқылдары Е) ақуыздар

3. Адреналин қайда түзіледі:

С) буйректе Д) буйрек үсті безінде

4. Дәнекер ұлпаға қай ұлпалар жатады:

5. Тітіркенуді қабылдайтын аксон ұшы:

А) тотығу Б) синапс С) рецептор

А) жуйке жасушасы Б) жұмыртқа жасушасы

С) тері жасушасы Д) қан жасушасы

7. Қай ұлпалар мүшелерге әр түрлі заттарды, оттегін жеткізеді:

А) жүйке Б) шеміршек С) қан Д) май

8. Қай ұлпалар бүкіларалық байланыстарға жатады:

А) митохондрияда Б) цитоплазмада

С) хромосомада Д) рибосомада

10. Қан дәнекер ұлпасының қандай түріне жатады:

А) Тығыз талшықты Б) борпылдақ талшықты

11. Жүйке жасушасының (нейронның) құрамды бөлімдері:

А) нейроглия Б) денесі С) аксон

Д) дендриттер Е) көлденең жолақты

12. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталықтың орналасқан орны:

А) алдыңғы мида Б) аралық мида

С) сопақша мида Д) гипоталамуста

13 .Мида орналасқан ішкі секреция

14. Адам ағзасында йод жетіспегенде

А) Базедов ауруы Б) Алқын ісуі

15. Бүйрекүсті бездерінің қыртыс

А) Базедов ауруы Б) Аддисон ауруы

16 . Айырша безден бөлінетін гормон:

А) паратгормон Б) адреналин

17 . Аралас безге жататыны:

А) қалқанша безі Б) жыныс безі

18. Ұйқы безінен бөлінетін гормон:

19. Қалқанша безден шамадан тыс көп

А) Акромегалия Б) Кретинизм

С)Бадырақ көз ауруы Д) ергежейлілік

А) биологиялық процесс Б) бездер

С) биологиялық зат Д) мушелер жүйесі

1.Рефлекторлық доғаны құрайтын бөліктерді

А) рецептор Б) сезгіш нейрон С) жұлын

Д) қимыл нейрон Е) барлығы дұрыс

3 . Орталық жүйке жүйесіне не жатады:

А) жұлын Б) үлкен ми сыңарлары

С) жұлын жүйкелері Д) ми бағаны

4. Жұлын жүйкелерінің жұп саны

5 . Адам миы неше жастан кейін

6 . Аксондар шоғырлануынан қандай зат

7. Мидың торлы қабықшасының

А) энцефалит Б) менингит С) арахноидит

8. Мидың: қай бөлігі өткізгіштік ,

рефлекстік қызмет атқарады:

А) ортаңғы Б) мишық С) аралық ми

Д) үлкен ми сыңары Е) сопақша ми

9. Қай жүйке жүйесінен келген қозу

А) ми жүйкелері Б) симпатикалық

С) жұлын жүйкелері Д) парасимпатикалық

10.Мидың қай бөлігінде сезім

11 . Алкоголь құрамындағы зиянды

А) липоид Б) никотин С) сивуш

А) алдыңғы ми Б) сопақша ми

13. Жұлынмен жалғасып жататын

14. Вегетативті жүйке жүйесінің

С) парасимпатикалық Д) төбе

15. Анализатордың бөліктері:

С) өткізгіш бөлігі Д) орталық бөлігі

А) қасаң қабық Б) торлы қабық

С) тамырлы қабық Д) қосымша аппараттары

17. Ішкі құлақта орналасқан

А) дыбыс сүйекшелері Б) ұлулы дене

С) лимфа сұйықтығы Д) самай

18. Ортаңғы құлақтағы есту

сыңарларының қандай бөлігінде

А) самай бөлігінде Б) шүйде бөлігінде

С) маңдай бөлігінде Д) төбе бөлігінде

20 . Иіс сезу рецепторларының

Б) мұрын кілегейлі қабықшасында

С) мұрын қуысының жоғарғы жағында

Д) мұрын қуысының төменгі жағында

1. Өсімді жүйке бөлігін ата:

А) симпатикалық жүйке Б) ми жүйкелері

С) парасимпатикалық жүйке Д) жұлын

А) 500 гр Б) 600 гр С) 300 гр Д) 400 гр

3 . Адам миында шамамен қанша

С) 12 млн Д) 14 млрд Е) 14 млн

4. Дендриттар шоғырлануынан

А) мишық Б) ортаңғы ми С) көпір

7.Аралық мидағы ядро жұбы қайсы:

8 . Қай мүшелер жүйесі сыртқы

ортамен байланыста болады:

А) өсімді жүйке Б) орталық жүйке

С) шеткі жүйке Д) сезім мүшелері

9. Қай жүйке жүйесінен келген қозу

А) парасимпатикалық Б) симпатикалық

С) жұлын жүйкелері Д) ми жүйкелері

10. Қай жүйке жүйесінен келген қозу

А) жұлын жүйкелері Б) симпатикалық

С) парасимпатикалық Д) ми жүйкелері

11.Жүйке жүйесінің ішкі мүшелердің қызметін үйлестіретін бөлімі:

А) сомалы Б) орталық С) шеткі

Д) вегетативті Е) рефлекстік

12. Вегетативті жүйке жүйесі ар-

қылы қозудың жүру жылдамдығы:

С) өте баяу Д) қозу жүрмейді

13. Көз алмасының қабықшалары:

А) қасаң қабық Б) қосымша аппараттары

С) торлы қабық Д) тамырлы қабық

14. Ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелері:

С) дендрит Д) байланыстырғыш

А) 35-40 см Б) 45-50 см С) 42-45 см

17. Тері қандай әсерлерді сезеді:

18. Тілдің жиегі қандай дәмді сезеді:

А) самай бөлігінде Б) шүйде бөлігінде

С) маңдай бөлігінде Д) төбе бөлігінде

20. Ортаңғы құлақ қуысының байланысатын мүшесі:

А) мұрын қуысымен Б) өңешпен

С) жұтқыншақпен Д) көмекеймен

Устанавливая рекомендуемое программное обеспечение вы соглашаетесь
с лицензионным соглашением Яндекс.Браузера и настольного ПО Яндекса .

источник

Ергежейлілік

606. Қалқанша безінен бөлінеді: Тироксин

607. Қалқанша безден бөлінетін гормон жетіспегенде: Микседема

608. Адам ағзасына су мен тағамның құрамына йод жетіспегенде: Алқым ісу

609. Тироксин гормоны түзіледі: Қалқанша безінен

610. Қалқанша маңы безінен бөлінеді: Паратгормон.

611. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45-50 жасқа дейін өсетін без:

Қалқанша маңы

612. Кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшында орналасатын без: Айырша

613. Ағзаның иммундық қасиеті . гормоны жетіспегенде пайда болады: Тимозин

614. Көк бауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсы дене түзілмейді: Тимозон гормоны жетіспегенде

615. Бүйрек үсті безінің ішкі қабатынан бөлінетін гормон: Адреналин

616. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының зақымдалуынан болатын ауру: Аддисон

617. Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігер: Эндокринолог

618. Ұйқы безінен бөлінетін гормон: Инсулин

619. Инсулин гормоны жетіспегенде: Сусамыр

620. Ер адамның жыныс безінен бөлінетін гормон: Тестостерон

621. Әйел адамның жыныс безінен бөлінетін гормон: Экстроген

622. Жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінетін гормон: Адреналин

623. Тестостерон гормоны бөлінеді: Жыныс безінен

624. Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері: 4, 6 – 6, 7

625. Қанда глюкоза жетіспесе ұйқы безінен бөлінетін гормон: Глюкоген

626. Көмірсу алмасуының бұзылуынан болады: Қант ауруы

627. Қанда глюкозаның концентрациясы жоғарылағанда: Қант ауруы

628. Сыртқы секрециялық бездер: Жас, сілекей

629. Көздері бадырайып, шарасынан шығатын ауру: Базедов

630. Ішкі секреция бездеріненгормондардың бөлінуін реттейді: Орталық жүйке жүйесі

631. Ағзада мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін . деп аталады:

Гуморальдық реттелу

632. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқарады: Гормондар

633. Гуморальдық реттелу бағынышты: Жүйкелік реттелуге

634. Аксонның сырты қапталған: Май текті ақ қабықшамен

635. Нейронның денесінде болады: Цитоплазма мен ядро

636. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар бөлінеді: 3-топқа

637. Қозуды шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өткізеді: Сезгіш нейрондар

638. Қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді: Байланыстырғыш нейрондар

639. Қозуды бұлшықеттер мен бездерге жеткізеді: Қозғалтқыш нейрондар

640. Нейрондағы ұзын өсіндінің саны: 1

641. Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтаруы: Рефлекс

642. Рефлекстік доға . бөлімнен тұрады: 5

643. Рефлекстік доғаның жүйке ұштары: Рецепторлар

644. Рецепторлар: Қозуды қабылдайды

645. Рефлекстік доғаның сезгіш нейрондары: Қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді

646. Рефлекстік доға басталады: Рецепторлардан

647. Қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді: Сезгіш нейрондар арқылы

647. Сезгіш нейрондардан қозуды өткізеді: Орталық жүйке жүйесіне

648. Рефлекстік доғаның бір бөлімдері зақымданса: Рефлекс жойылады

649. Орталық жүйке жүйесі: Ми мен жұлын

650. Жүйке жүйесі бөлінеді: 2 – топқа

651. Шеткі жүйке жүйесі: Ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер

652. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі: Сомалық

653. Жүйке жүйесінің ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлімі: Вегетативті

654. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа таралған жұп жүйкелер саны: 31

655. Жұлыннан тарайтын жүйкелері : Сезгіш, қозғалтқыш

656. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу: Жұлынның артқы түбірі арқылы

657. Жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан белгілі бір мүше жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығы: Жүйке орталығы

658. Тізе рефлексі орталығы: Жұлынның бел бөлімінде

659. Көз қарашығының ұлғаю орталығы: Арқа бөлімінде

660. Жұлынның атқаратын қызметі: Рефлекстік және өткізгіштік

661. Жұлын мен мидың сыртындағы қабықша: Қатты, торлы, жұмсақ

662. Жұлын мен мидың сыртындағы қабықша: 3 түрлі

663. Ми мен жұлын қабықтарының қабынуынан болатын ауру: Минингит

664. Мидың орташа салмағы; 1300 – 1400 г

665. Мидың сұр заттарының тұтас орналасуын: Ядро деп атайды

666. Ми бөлімдері өзара байланысады: Өткізгіш жолдар арқылы

667. Ми қарыншалары: Ми сұйықтығымен толтырылған қуыс

668. Ми ұрықтың даму ерекшеліктеріне байланысты: 5-ке бөлінеді

669. Сопақша ми: Жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы

670. Сопақша ми арқылы жүзеге асады: Жастың бөлінуі

671. Тынысалу мен жүректің тоқтауы мүмкін: Сопақша ми зақымданса

672. Мишық пен ми көпірі жатады : Артқы миға

673. Ми көпірінің жүйке жасушалары қабылдайды: Беттің терісінен, тілден келетін хабарларды

Читайте также:  Какие гормоны женские сдавать при увеличении веса

674. Мишық орналасады: Сопақша ми мен көпірдің артқы жағында

675. Теріде пигменттің түзілуін реттейді: Ортаңғы ми

676. Қозу үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді:Аралық ми арқылы

677. Көру, дәм сезу, есту рецепторларды қабылдайтын: Аралық ми

678. Дене бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейтін орталық: Мишық

679. Адамның қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады: Мишық зақымданса

680. Зат алмасу, жүрек-қан тамырлар жүйесі, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейтін: Аралық ми

681. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы: Аралық миға байланысты

682. Үлкен ми сыңарлары құралған: Сұр және ақ заттан

683. Үлкен ми сыңарларының сыртындағы сұр заттың қыртысындағы нейрондар: 14миллиардтан астам

684. Үлкен ми сыңарларының беті: Сайлы, қатпарлы

685. Әрбір ми сыңарлары тұрады: 4 бөліктен

686. Ми сыңарларының жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз ететін: Ми сұйықтығына толы 2 қуыс ұсақ қантамырлары

687. Сезу-қимыл аймағы: Маңдай, төбе бөлігінде орналасады

688. Көру аймағы: Шүйде бөлігінде орналасады

689. Есту аймағы: Самай бөлігінде орналасады

690. Дәм сезу, иіс сезу аймағы: Маңдай бөлігінің ішкі жағында орналасады

691. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер: Невропатолог

692. Мидан тарайтын жүйке: 12 жұп

693. Мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтау әдісі: Электроэнцефолография

694. Мидың қозуын күшейтеді: Никотин

695. Адамның еркіне бағынбайтын жүйке жүйесі: Вегетативті

696. Вегетативті жүйке жүйесінің рефлекстік доғасы: Сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш

697. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметі ми қыртысының . орналасқан: Маңдай бөліігі

698. Вегетативті жүйке жүйесі бөлінеді: 2 бөлікке

699. Симпатикалық бағанадағы жүйке түйіндері: 20 – 25

700. Парасимпатикалық бөліктің орталығы: Ортаңғы және сопақша мида

701. Сезім мүшелерінің шеткі бөлімдері: Рецептор

702. Сыртқы рецепторлар: Терінің үстіңгі қабаты

703. Адамдағы сезім мүшелері: 5 түрлі

704. «Анализатор» деген ұғымды алғаш атаған ғалым: Н. П. Павлов

705. Анализатор төмендегі бөліктерден тұрады: Шеткі, өткізгіш, орталық

706. Сенсорлық жүйе дегеніміз: Сезім мүшелері

707. Адам сыртқы ортада болып жатқан ақпараттардың . көзбен қабылдайды:

80 – 90 % астамын

708. Көз алмасы тұрады: 3 түрлі қабықшадан

709. Көз алмасының сыртқы қабықшасы тұрады: Тығыз, қалың дәнекер ұлпадан

710. Көз алмасының ортаңғы қабықшасы: Тамырлы

711. Нұрлы қабықшаның ортасы: Көз қарашығы

712. Көз қарашығының кішірейіп, ұлғаюы: Нұрлы қабықшадағы бұлшықеттің жиырылуы.

713. Көздің ішкі қабықшасы: Торлы қабықша

714. Көздің ішкі қабықшасындағы сары дақ түзіледі: Колба тәрізді жасушалардан

715. Көздің ішкі қабықшасындағы соқыр дақ: Жарық сәулесін қабылдамайды

716. Көру жүйесінің орталығы: Шүйде бөлігі

717. Көздің қосымша аппараттары: Қабақ, кірпік

718. Көз ауруларының ішінде ең көп тараған жұқпалы ауру: Коньюнктивит

719. Көз ауруларын емдейтін дәрігер: Офтальмолог

720. Егер көзге бөгде зат түссе: Қайнатылған жылы сумен жуу керек

721. Есту мүшесі тұрады: 3 бөліктен

722. Сыртқы құлаққа жатады: Құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы

723. Ортаңғы құлаққа жатады: Дабыл жарғағынан самай сүйегінің ішіне дейін

724. Ішкі құлаққа жатады: Қуыстар мен иірім өзекшелері

725. Жұтқыншақпен жалғасатын: Ортаңғы құлақ

726. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті байланысады: Дабыл жарғағымен.

727. Балғашық сүйегінің жуандау шеті байланысады: Төс және үзеңгі сүйектерімен

728. Шытырман орналасады: Ішкі құлақта

729. Есту орталығы ми қыртысының: Самай бөлігінде орналасады

730. Есту мүшесінің ұлулы денесі орналасады: Ішкі құлақта

731. істі қабылдайтын рецепторлар орналасады: Мұрын қуысының кілегейлі қабықшасының жоғарғы бөлігінде

732. Тілдің ұшы сезеді: Тәттіні

733. Тілдің артқы бөлігі сезеді: Ащыны

734. Тілдің жиегі: Қышқылды

735. Тілдің ұшы сезеді: Тұзды

736. Тірек-қимыл жүйесіне жатады: Қаңқа мен бұлшықеттер

737. Адам денесін қозғалысқа келтіретін: Сүйектер мен бұлшықеттер

738. Сүйек кемігінде түзіледі: Қан жасушалары

739. Адам қаңқасындағы сүйектер саны: 200-ден астам

740. Сүйектер пішіні, мөлшеріне байланысты: 3 топқа бөлінеді

741. Қысқа сүйектерге жатады: Алақан, омыртқа

742. Адамда омыртқалардың саны: 33 – 34

743. Мойын омыртқаларының саны: 7

744. Арқа омыртқаларының саны: 12

745. Бел омыртқаларының саны: 5

746. Құйымшақ омыртқаларының саны: 4 – 5

747. «Омыртқа жотасының қисаюы» ауруын ата: Сколиоз

748. Кеуде қуысы қабырғаларының саны: 12 жұп

749. Иық белдеу сүйектері: Бұғана, жауырын

750. Қол сүйектеріне жататындар: Тоқпан жілік, кәрі жілік

751. Толарсақтағы сүйектер саны: 7

752. Жамбастың бір-бірімен тұтасып кеткен сүйектерінің саны: 3

753. Төмендегі жамбас сүйектерін ат: Мықын, асықты жілік, шонданай

754. Қаңқаның толық сүйектенуі: 20 – 25 жасқа дейін.

755. Сүйеккке серпінді, иілгіштік қасиет беретін: Оссеин

756. Адам денесіндегі буындар саны: 230.

757. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без : Гипофиз

758. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы

759. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттеуінің аты : Гуморальдық

760. Ұйқы безінен бөлінетін гормон: Инсулин

761. Сүттің бөлінуін реттейтін без : Гипофиз

762. Әйелдердің жалпы жыныс гормондарының аты : Экстроген

763. Қандағы глюкозаны реттейтін гормон: Инсулин

764. Алқым ісуі ауруына жетіспейтін химиялық элемент: I

765. Тироксин гормонын бөлетін без: Қалқанша безі

766. Айырша безінен бөлінетін гормон : Тимозин

767. Тез ашуланғыш, көп терлегіш ауру : Бозедов ауруы

768. Аддисон ауруының екінші аты : Қола ауруы

769. Бүйрек үсті бездің қыртыс қабатынан түзелетін гормон : Кортизон

770. Қалқанша маңы безінен бөлінетін гормон : Паратгормон

771. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар : Гормондар

772. Ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер : Эндокринолог

773. Ұлпаның оттекті қабылдауын күшейтетін гормон: Адреналин

774. Омыртқа жотасының өзегінде орналасқан мүше : Жұлын

775. Сопақша мидың ұзындығы : 2 ,5 см – 3 см

776. Жүйке жасушаның аты : Нейрон

777. Нейронның ұзын өсіндісі : Аксон

778. Нейронның қысқа өсінділері : Дендрит

779. Мидың көру аймағының орналасқан бөлігі : Аралық ми

780. Жұлының жоғарғы шетінің жалғасы: Сопақша ми

781. Жұлының қызметі : Рефлекстік, өткізушілік

782. Омыртқа жотасының өзегінде орналасқан мүше: Жұлын

783. Артқы миға жататындар: Мишық пен ми көпірі

784. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер: невропатолог

785. Мидың жұмысын зерттеу әдісі : Электроэнцефолография

786. Мидан тарайтын жүйкелер саны : 12жұп жүйке

787. Әрбір ми сыңарындағы бөліктер саны: 4

788. Вегетативті жүйке жүйесі рефлекстік доға үш байланыстан тұрады: Сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш

789. Сопақша мидың ұзындығы : 2,5-3см

790. Мидың теріде пигмент түзілу реттейтін бөлімі: Ортаңғы ми

791. Сезінудің түйісу рецепторлары: Дәм сезу

792. Вестибула мүшесі орналасқан: Ішкі құлақта

793. Естің қалыптасу кездеріне жатпайды: Редупликация

794. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: Амнезия

795. Сенсорлық жүйенің екінші атауы: Анализатор

796. Көздің қосалқы мүшелеріне жатпайды: Көз бұршағы

797. Қасаңқабақ – бұл: Ақ қабықтың алдыңғы бөлігі

798. Бас миының есту аймағы орналасады: Самай бөлімінде

799. Торлы қабықтың құтышылар орналасқан жері: Сары дақ

800. Жарықты шағылыстыру қасиетін көретін заттың қашықтығына байланысты өзгертіп отыратын бөлік: Көз бұршағы

801. Адам «ақшам соқыр» ауруы кезінде: Кешкі уақытта заттарды ажырата алмайды

802. Жақыннанкөргіштік кезінде кескін түседі: Торлы қабықтың алдына

803. Алыстанкөргіштік кезінде берілетін көзілдірік: Екі жақты дөңес

804. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: 30-35см

805. Үш сүйек орналасады: Қарақұс сүйегінде

806. Адам құлағының дыбыс толқынын қабылдау диапазоны: 15-20 мыңГц

807. Дыбыс қаттылығы өлшенеді: дБ (децибел)

808. Көздің қандай мөлдір бөлігі көру бұршағының сыртына орналасып,оны қорғап тұрады: Қасаң қабықша

809. Көз алмасының қандай бөлігі іркілдеген мөлдір,түссіз зат толтырып тұрады: Шыны тәрізді дене

810. Көру мүшесінің көмекші бөлігіне не жатады: Қабақ

811. Есту сүйектеріне қандай сүйектер жатады: Балғашық,төс,үзеңгі

812. Жарық қабылдайтын жасушалар қайда орналасады: Тор қабықшада

813. Есту мүшесінің қандай қуысы сұйықтықпен толтырылған: Ішкі құлақта

814. Ортаңғы құлақтың қуысы дыбыс аңқамен не арқылы жалғасады: Есту түтігі

815. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм

816. Заттың бейнесін,түсін,тітіркенуін көздің қай бөлігі қабылдайды: Тор қабықша

817. Қасаң қабақ пен көз бұршағының арасындағы камера немен толтырылған: Сулы ылғалмен

818. Адамда есту мүшесі қай жерде орналасады: Самай сүйегінің қуысында

819. Есту мүшесінің қандай бөлігі дененің кеңістіктегі орнын анықтайды: Доға қуыстары

820. Көз бұршағы қызметінің өзгеруіне байланысты болатын көру кемістігі қалай деп аталады: Алыстан көргіштік,жақыннан көргіштік

821. Көздің сыртқы қабықшасы: Ақ қабықша

822. Көздің ішкі қабықшасы: Торлы қабықша

823. Көз ауруларын емдейтін дәрігер: Офтольмолог

824. Аққан терді көздің ішіне жібермейтін мүше: Қас

825. Қарашықтың артқы жағында дөңес, мөлдір дене: Көз бұршағы

826. Есту мүшесі : Құлақ

827. Тіл ұшының сезетін дәмі : тәттіні

828. Ортаңғы құлақтағы сүйекшелердің саны: 3

829. Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірімөзекшелерден тұратын күрделі жүйе: Шытырман

830. Есту мен тепе — теңдік мүшелері : Шытырмандар

831. Адам ағзасындағы сүйектердің саны: 200

832. Сүйек құрамындағы көп мөлшердегі заттар: Бейорганикалық

833. Сүйектердің қозғалмалы байланысы: Буын

834. Қандай ұлпа адамның тірек-қимыл жүйесін құрайды: Шеміршекті ұлпа

835. Балалардың қандай сүйектерінде қызыл кемік майы болады: қуысы бар барлық сүйектерінде

836. Сүйектер қандай ұлпаның қатысуымен жуандап өседі: Сүйек қабығының ішкі бетіндегі жасушалардың бөлінуінен

837. Сүйектердің ұзарып өсуі неге байланысты: Сүйек ұшындағы шеміршек ұлпасы жасушаларының бөлінуіне

838. Органикалық заттар сүйектерге қандай қасиет береді: Иілгіштік және серпімділік

Читайте также:  Ттг гормон и препараты йода

834. Ересек адамның ми сауытының сүйектері қалай байланысады: Қозғалмай байланысады

835. Тірек – қимыл жүйесінің қызметі: Мүшелерді қорғау,қан өндіру,тірек

836. Сүйектің беріктігі немен анықталады: Сүйекте минералдық заттардың болуымен

837. Жауырынды қай сүйек тобына жатқызады: Жалпақ

838. Төмендегі қайсысы жұп сүйектер: Самай

839. Сүйектердің шеміршек арқылы байланысын: Аз қозғалмалы дейді

840. Адамның аяқ сүйектері: Ортан жілік,асықты жілік,табан

841. Сүйектің қай бөлігі қан түзейді: Қызыл сүйек кемігі

842. Cүйектің дұрыс қалыптасуы: Денені дұрыс ұстауын қадағалап отырғанда

843. Адамның бассүйегінің ми бөліміне қай сүйек кірмейді: Төменгі жақ сүйегі

844. Сан сүйегіне жататыны: Ортан жілік

845. Сүйек неден түзілген: Дәнекер ұлпасынан

846. Адамның омыртқа жотасында: 33-34 омыртқа

847. Бас сүйегіне жатпайды: Базальды

848. Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы,ол: Атлант

849. Ағзадағы ең ірі сүйек: Ортан жілік

850. Бейорганикалық фосфат қанға сіңбей,сүйектен шығарылатын ауру түрі: Рахит

851. Бұлшық ет қызметіне қарай бөлінеді: Жазылғыш, жиырылғыш

852. Адамның кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөлетін бұлшық ет: Диафрагма

853. Бұлшық ет ұлпасының қасиеті: Қозу және жиырылу

854. Адам денесіндегі бұлшық еттері ұрық жапырақшасынан қалыптасады: Мезодермадан

855. Қаңқа бұлшық еттері қандай ұлпадан түзілген: Көлденең жолақты

856. Бұлшық ет ұлпаларының қайсысы ішкі мүшелерінің құрамына енеді: Бірыңғай салалы бұлшық ет

857. Бұлшық ет жұмысы оң әсерін тигізеді: Түгел ағзаға

858. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы: Қаңқа бұлшық етін түзейді

859. Миофибриллдер дегеніміз: Бұлшық ет талшығының ішіндегі жіңішке жиырылғыш жіпшелер

860. Бұлшық ет ұлпасының қасиеті: Тітіркенгіштік,жиырылғыш

861. Бұлшық ет жұмысы үшін қажетті энергия қайдан бөлінеді: Органикалық заттар ыдырағанда

862. Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем: Дәкемен тану керек

863. Буынның ауруы: Артроз

864. Бұлшық еттердің қызметіне жатпайды: Жүйке серпіністерін өткізу

865. Жалпақ еттер орналасады: Баста

866. Миофибрилл құрамына енетін нәруыздар: Миозин және актин

867. Жараның жазылуы, сүйектің бітіп кетуі ненің есебінен жүреді: Жасушалардың көбеюі

868. Тіршіліктегі аз қозғалу: С және Д жауаптары дұрыс

869. Қан түзетін (жасайтын) мүшені көрсетіңіз: Қызыл түсті кемік

870. Қанның құрамына жасушалар кіреді: Лейкоциттер

871. Жасушалар қанның құрамына кірмейді: Нейрондар

872. Адамның қаны қызмет атқармайды: Қозуды беру

873. Ағзаның ішкі ортасы: Қан,лимфа,ұлпа сұйықтығы

874. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: 27 секунд

875. Қан аздықтың себебі: Эритроциттер мен гемоглобиннің жетіспеушілігінде

876. Қанның ұюына қатысады: Тромбоциттер

877. Тромбоциттер орындайтын қызмет: Қанның ұюын жүзеге асыру

878. Қан түзілетін ұлпа: Дәнекер

879. Гемоглобиннің негізгі ролі: Оттегін тасымалдау

880. Гемоглобин дегеніміз: Күрделі ақуыз

881. Қанның депосы деп: Көк бауыр, бауыр, тері, өкпе

882. Қандағы адреналиннің концентрациясының азаюы, қанның мүшеге келуін: Жүрекке

883. Цитология ғылымы зерттейді: Жасушаларды

884. Ферменттер қызмет атқарады: Катализаторлық

885.Амин қышқылының құрамына кіретін топтар: COOH, NH2

886. Денатурация кезеңіндегі нәруыз: Қасиеті өзгереді

887. РНК – ның құрамына кіретін көмірсу: Рибоза

888. РНК, ДНК – дан ерекшеленеді: Урацил

889. Глюкоза көмірсуларына жатады: Моносахарид

890. Жасушадағы 1 г май ыдырағанда бөлінетін энергия 38,9 КДж

891. ДНК – ның екі еселенуін зерттеген ғалымдар: М.Месильсон, Ф.Сталь

892. 1938 жылы В.А. Селевин Бетпақдала өңірінен тапты: Жалманды

893. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым: Биология

894. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: Ботаника

895. 1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: Ж.Күдерин

896. Тұңғыш рет ана тілінде «Жануарлар» оқулығын жазды: Х.Досмұхамедов

897. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет шықты: 1978 жылы

898. Өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақ: Қорық

899. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық: Наурызым қорығы

900. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық кқрді: 1981 жылы

901. Марқакөл қорығы орналасқан: Оңтүстік Алтайда

902. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген: Роберт Гук

903. Тірі ағзаның ортақ белгісі: Денесі жасушадан тұрады

904. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді: Қабықша

905. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат: Цитоплазма

906. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро

907. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид

908. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:

909. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден сақтайтын ұлпа:

910. Жасушалары жас, ұдайы бөлінетін ұлпа: Түзуші

911. Микроскоптың жарықты қабылдайтын бөлігі: Айна

912. Микроскоптың 2 линзасы бар бөлігінің атауы: Окуляр

913. Жасуша қабықшасының жұқарған жері: Саңылау

914. Өсімдіктерде керексіз заттарды шығаратын ұлпа: Бөліп шығарушы

915. Жасушасына су жинаушы ұлпа: Негізгі

916. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне жеткізетін ұлпа:Өткізгіш

917. Сабақтың ең ұшында болатын ұлпа: Түзуші

918. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі: Вакуоль

919. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлігінің атауы: Объектив

920.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді: Өткізгіш

921. Жасушалары қатты, қиыршықты: Тірек

922. Өсімдіктің жер асты мүшесі:Тамыр

923. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды: Негізгі тамыр

924. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады:Жанама тамыр

925. Шашақ тамыр жүйесі: Бидай

926. Кіндік тамыр жүйесі: Бақбақ

927. Органикалық тыңайтқыш: Қи

928. Минералды тыңайтқыш: Азот

929. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ: Өркен

930. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік: Жанама

931. Тыныштық күйге ауысқан бүршік : Бұйыққан

932. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К.А. Тимирязев

933. Өсімдіктердегі қанттың түзілуі тек . болады: Хлоропластарда

934. Тікенге айналған жапырақ: Кактус

935. Бунақденелілерді аулау құрамына айналған жапырақ : Шықшылдық

936. Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы : Суды аз буландыру

937. Мұртшаға айналған жапырақ: Үрмебұршақ

938. Қыстық өркендері дайындайды: Күзде

939. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы

940. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері: Гүл табаны

941. Жіпше мен тозаңқаптан тұрады: Аталық

942. Гүлдің дәл ортасына орналасады: Аналық

943. Бір үйлі өсімдік : Жүгері

944. Екі үйлі өсімдік: Қарасора

945. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы

946. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері: Гүл табаны

947. Жіпше мен тозаңқаптан тұрады: Аталық

948. Гүлдің дәл ортасына орналасады: Аналық

949. Бір үйлі өсімдік : Жүгері

950. Екі үйлі өсімдік: Қарасора

951. Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы: Гүлшоғыр

952. Күрделі масақ гүлшоғыры бар өсімдік: Бидай

953. Жай шатырлы өсімдік: Пияз

954. Сырға гүлшоғыры: Қайың

955. Күнбағыстың гүлшоғыры: Себет

956. Аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі: Тозаңдану

957. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлім: Аналық пен аталық

958. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы: Көбею

959. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдік: Шие

960. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдік: Қарабидай

961. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс: Бұршаққап

962. Қанатты жеміс: Қайың

963. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар: Бұршаққын

964. Жинақталған жеміс: Құлпынай

965. Тұқымды зақымданудан сақтайды: Тұқым қабығы

966. Қос жарнақты өсімдік: Үрмебұршақ

967. Дара жарнақты өсімдік: Бидай

968. Қоректік заттар қоры жиналады: Эндоспермде

969. Майда, жеңіл, құрғақ тұқымдар таралады: Жел арқылы

970. 1-5ºС температурада өнеді: Бидай

971. Терек тұқымы таралады: Жел арқылы

972. 1870-1880 жылы ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді: Луи Пастер

973. Көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысы мен қасиеттерін зерттейтін ғылым: Микробиология

974. Микробиологияның дамуына жол ашқан: Л.Пастер

975. Топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады: Шіріту бактериясы

976. Бактерияларға талшық қажет: Қозғалуға

977. Оба бактериясы топырақта сақталады: 25 күн

978. 1892 жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты: Д.И.Ивановский

979. «Вирус» терминін 1899 жылы ғылымға енгізді: М.В.Бейерник

980. Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит: Вирус

981. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым: Микология

982. Біржасушалы саңырауқұлақ: Ашытқы

983. Зең саңырауқұлақ: Мукор

984. Ағаштардың сабағында өсетін паразит саңырауқұлақ: Діңқұлақ

985. Улы саңырауқұлақ: Шыбынжұт

986. Жеуге жарамды: Майқұлақ

987. Өлі ағзалық заттармен қоректенетін саңырауқұлақ: Пеницилл

988. Зең саңырауқұлағынан алынады: Пенициллин

989. Ғылыми аты « қант саңырауқұлағы»: Ашытқы

990. Пішіні малдың тұяғына ұқсас: Діңқұлақ

991. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі: Таллом

992. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдыр

993. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада

994. Жасыл балдыр: Спирогира

995. Қағаз өндірісінде пайдаланады: Кладофора

996. Жүенің ең кіші бірлігі: Түр

997. Балдыр жасушасындағы хлоропластардың атауы: Хроматофор

998. Топырақта, ағаш діңдерінде өсетін біржасушалы жасыл балдыр: Хлорококк

999. Хроматофоры оралма тәрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр:

Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском:

Лучшие изречения: Да какие ж вы математики, если запаролиться нормально не можете. 8541 — | 7396 — или читать все.

85.95.179.227 © studopedia.ru Не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования. Есть нарушение авторского права? Напишите нам | Обратная связь.

Отключите adBlock!
и обновите страницу (F5)

очень нужно

источник